МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «ASAR» үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасында жарияланған «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мырзашөл өңірінің тарихын зерттеу (1867-2018)» атты әлеуметтік жобасымен танысыңыздар!

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасына қатысу байқауын жариялаған еді.

Платформа мақсаты:

Бизнес пен Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ-ды) қоғамның әлеуметтік мәселесін шешу мен анықтауға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесін ілгерілетуге бірлесе қатыстыру арқылы өзара әрекеттестігін нығайту.

Платформа қатысушылары – Қазақстанның кәсіпкерлері мен ҮЕҰ.

Бұл жобалар www.asarprojects.kz онлайн-платформасында ұсынылып, Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында таратылатын болады.

Кәсіпкерлер ұсынылған жобаларды www.asarprojects.kzонлайн-платформасынан көре алады.

ҮЕҰ ұсынған жобаларға кәсіпкерлер қызығушылық танытқан жағдайда, олар бизнеспен инвестициялануы мүмкін.

«Asar» байқауына «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мырзашөл өңірінің тарихын зерттеу (1867-2018)» атты әлеуметтік жоба ұсынып отыр.

Әлеуметтік жобаның мақсаты:

• Елбасымыз ұсынған Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Қазақстанның оңтүстігіндегі Мырзашөл және Қызылқұм өңірлерін зерттеу жұмыстарын жүргізу;

• «Түркістан жинағындағы» (1867-1939) Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан Мырзашөл және Қызылқұм өңірлері туралы тарихи деректер мен әдеби шығармаларды баспасөз тарихы және өлкетану тұрғысынан кешенді зерттеу;

• 1917-2017 жылдардағы баспасөз және библиографиялық дереккөздеріндегі Қазақстанның Мырзашөл және Қызылқұм өңірлерін игерудегі жетістіктері туралы тарихи мәліметтерді сараптау;

• Мырзашөл және Қызылқұм өңірлерінің тарихы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Шардара аудандары мен Арыс қаласының мектептері мен колледждерінің оқушыларына арналған «Өлкетану негіздері» кешенді білім беру бағдарламасының ғылыми тұжырымын жасау.

Қажетті қаражат: 30 миллион теңге.

Жоба жүзеге асырылатын аймақ:

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданы.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 36 ай.

«Asar» байқауына ұсынылған «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мырзашөл өңірінің тарихын зерттеу (1867-2018)» атты әлеуметтік жобасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар:

http://asarprojects.kz/astana-k-alasy-gorod-astana

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

 Erik Johnson Authentic Jersey

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ