МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Кейінгі уақытта «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығына еліміз жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алып жатқан жас ізденушілерден көптеген сұрақтар келіп түсуде. Олар: «Біз мақалаларымызды міндетті түрде «ВАК» журналдарында жариялауға тиістіміз бе?» - деп сұрайды. Осыған орай, магистранттардың өтініштеріне жауап бергенді жөн көрдік.

Қазіргі кезде «ВАК» деген мекеме немесе ұйым жоқ. Бұрынғы «ВАК-тың» (бұл – «Высшая Аттестационная Комиссия немесе Комитет» деген сөз тіркесінің қысқартылған түрі) қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті атқарады.

Біздің екі журналымыз: «Зерттеуші – Исследователь» және «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований» (бұрынғы атауы «Оңтүстік өңірінің ғылыми хабаршысы – Научный вестник Южного региона») ғылыми журналдары жоғарыда аталған Комитеттің 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі арнайы Тізімінде болған. Қазірше біздің журналдарымыз Комитеттің қазіргі Тізбесіне әлі енгізілмеген. Бірақ келешекте енгізіледі деп үміттенеміз.

Еліміз жоғары оқу орындарының магистратураларында білім алушылардың мақала жариялау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талаптары бойынша реттеледі.

Аталған стандарттың «Магистратура» атты 1-бөлімінің талаптарына сәйкес магистранттың ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмысының ең соңғы қорытындысы магистрлік диссертация болып табылады және магистрлік диссертацияның негізгі нәтижелері ғылыми журналдарда жариялануы тиіс.

Яғни Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (1-бөлім. Магистратура): «Магистранттар мақалаларын міндетті түрде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналдарда ғана жариялауы қажет», - деген міндетті қағида жазылмаған.

Олай болса, магистранттар өздерінің мақалаларын ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің арнайы Тізбесіндегі ғылыми журналдарда жариялауға міндетті емес. Магистратурада білім алушылар өздерінің мақалаларын кез-келген ғылыми басылымдарда, оның ішінде біздің ғылыми журналдарымызда да жариялауға құқығы бар. Және біздің ғылыми журналымыз сияқты басылымдарда жарияланған мақалаларды магистратураға байланысты Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы қабылдауға міндетті.

Магистранттардан міндетті түрде Комитеттің арнайы Тізбесіне енгізілген ғылыми журналдарда ғана мақала жариялауды талап етіп жүрген ғылыми жетекшілердің талаптары заңсыз болып табылады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің магистратураға байланысты стандартында немесе тиісті Ережелерінде мұндай талап жоқ. Тек қана PhD докторантурасында оқитындардан, қауымдастырылған профессор, профессор ғылыми атағын алуға үміткерлерден ғана Комитеттің бұрынғы және қазіргі Тізіміндегі ғылыми журналдарында мақала жариялау талап етіледі.

Сол себепті егер Сіздер магистрант болсаңыздар, біздің журналдарымызға өз мақалаларыңызды ұсына аласыздар. Сіздерге ыңғайлы болуы үшін zertteushi.kz сайтымыздан «Магистранттар үшін» атты арнайы бөлім ашып отырмыз. Осы бөлімдегі «Мақала жариялау ережесі» атты айдар бойынша жарияланған ақпараттармен мұқият танысып, мақалаңызды сол талаптарға сай етіп жолдайтын болсаңыз, мақалаңызды жедел түрде жариялауға дайынбыз.

Егер сұрақтарыңыз туындап жатса, біздің электрондық поштамызға жолдай аласыздар.

E-mail: info@zertteushi.kz

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

 Sony Michel Womens Jersey

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ