МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы №18 бұйрығымен жаңа редакцияда жазылған (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 ақпанда №14824 болып тіркелген) «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына сәйкес білім беру қызметкерлерінің педагогикалық және ғылыми-әдістемелік қызметтерінің нәтижелерін арттыруға көмектесу мақсатында педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының «Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» атты 51-ші бабы, 3-ші тармағы, 6) тармақшасы бойынша педагог жұмыскер бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге міндетті.

Аталған Заңның осы бабының 2-ші тармағы, 6) және 7) тармақшаларына сәйкес педагог жұмыскердің бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға; санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға құқығы бар.

«Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығының 3-ші тармағына сәйкес «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 9 шілдедегі №447 бұйрығының күші жойылды.

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілген 4-қосымшаға («Білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар») сәйкес Деңгейлі біліктілікті арттырудан өткен және тиісті деңгейдегі бағдарлама бойынша сертификат алған бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының:

бірінші (ілгері) деңгейдегі;

екінші (негізгі) деңгейдегі;

үшінші (базалық) деңгейдегі мұғалімдеріне көрсетілген қосымша ақыны белгілеу тәртібі мен шарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

Аталған қосымша ақы лауазымдық айлықақыға нақты жүктемені ескере отырып, бірақ заңнамада белгіленген нормативтік оқу жүктемесінен асырылмай белгіленеді және 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі біліктілік емтиханын тапсырған мұғалімдерге сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін төленеді.

Сонымен бірге барлық аттестатталатын педагог қызметкерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» 28-ші тармағы бойынша педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына тиісті құжаттармен бірге біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде ұсынуы қажет.

Осыған байланысты «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлерге арналған педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 23 желтоқсанында мемлекеттік тіркеуден, 2010 жылдың 12 қарашасында мемлекеттік қайта тіркеуден өткізілген (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №28373-1958-М-е, БСН 081240014093).

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткізілген Жарғысында «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесіқосымша (білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру, мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру) білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған заңды тұлға – коммерциялық емес ғылыми-білім беру және оқыту-кеңес беру ұйымы екендігі, Мекеме қызметінің мақсаты – Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру болып табылатыны атап көрсетілген.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстары:

- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының»;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №370 бұйрығымен бекітілген «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларының»;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының»;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» талаптарына толық сәйкес келеді.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі ұсынып отырған педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстары:

- «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №32 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 ақпанда №13182 болып тіркелген) білім беру бағдарламалары бойынша;

- «Мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №92 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда №13306 болып тіркелген) білім беру бағдарламалары бойынша;

- «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 10 наурыздағы №193 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 сәуірде №13594 болып тіркелген) білім беру бағдарламалары бойынша;

- «Заманауи педагогикалық технологиялар» жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 16 ақпандағы №152 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 наурызда №13445 болып тіркелген) білім беру бағдарламалары бойынша өткізіледі.

Курстар білім беру деңгейлері бойынша құрылымдалады:

1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;

2) бастауыш білім беру;

3) негізгі орта білім беру;

4) орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);

5) орта білімнен кейінгі білім беру;

6) жоғары білім беру;

7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

Курстарды өткізуші – даярлық бейіні бойынша білім беру саласында 20 жылдан астам жұмыс өтілі мен еңбек тәжірибесі бар, бейінді мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын жоғары оқу орнының қауымдастырылған профессоры, оқытушы-ғалым, Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің директоры Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінде салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен (10.01.2014 ж. куәлік сериясы 6203, №0002310).

Курстар:

1) еңбек қызметінен қол үзбей (соның ішінде қашықтан оқу нысаны);

2) еңбек қызметінен толық қол үзу немесе жартылай қол үзу арқылы;

3) жеке білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылады.

Курстардың ұзақтығы:

1) қысқа мерзімді Курстар – кемінде 36 академиялық сағат;

2) ұзақ мерзімді Курстар – кемінде 108 академиялық сағат.

Курстың бір академиялық сағаты 45 минутты құрайды.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарынан өткісі келетін педагог қызметкерлердің Астана қаласына және Орталықтың кеңсесіне арнайы келуінің қажеті жоқ.

Білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері немесе басқа да жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өткісі келетін педагог қызметкерлердің саны, олардың аты-жөндері, білім беру ұйымының мекен-жайы мен байланыс телефондары жазылған тізімді қоса тіркей отырып, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Интернеттегі мына электрондық поштасына арнайы сұраныс хат жіберуі тиіс: info@zertteushi.kz

Осы сұраныс хатты алған соң біз білім беру ұйымдарының басшылығымен хабарласып, біліктілікті арттыру курстарын өткізетін уақытты және орынды анықтап, белгілейміз.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің біліктілікті арттыру курстары екі жақты келісілген уақытта, тапсырыс беріп отырған білім беру ұйымы белгілеген орында ұйымдастырылады.

Курстар екі кезең бойынша өткізіледі:

- Бірінші кезеңде курстарды өткізуші оқытушы-ғалым кіріспе дәріс оқиды. Бұл кіріспе дәріске білім беру ұйымының кез-келген педагог қызметкері қатыса алады. Кіріспе дәріске қатысу – тегін.

- Екінші кезеңде курс тыңдаушыларына тиісті білім беру бағдарламалары бойынша тереңдетілген дәрістер ұсынылады. Курстың бұл кезеңіне педагог қызметкерлер өзінің негізгі еңбек қызметінен қол үзбей (соның ішінде қашықтан оқу нысаны) арқылы қатыса алады.

Курстар аяқталған соң тыңдаушылар:

- Жүргізілген сабақтар негізінде дайындалған жобасын қорғайды және оны курстарды өткізуші оқытушы-ғалымның атына Интернеттегі электрондық пошта арқылы жолдайды;

- Жазбаша жұмыс түріндегі біліктілік емтиханын тапсырады.

Білім беру бағдарламасы бойынша курстардан өткен, қорытынды бағалауды сәтті тапсырған және тиісті төлем ақысын аударған тыңдаушыларға:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы №95 бұйрығымен бекітілген «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларының» «Тыңдаушыларды қорытынды бағалау және сертификаттау» атты 4-ші бөлімінің 38-ші тармағында көрсетілген тәртіппен біліктілікті арттыру курсының тақырыбына сәйкес белгіленген үлгіде «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Сертификаты беріледі;

- Тыңдаушылардың біліктілікті арттыру курсының тақырыбы бойынша дайындалған жазбаша жұмысы сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің «Зерттеуші – Исследователь», «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования», «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований», «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы» және «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых» ғылыми журналдарының бірінде жарияланады;

- Тыңдаушылардың сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, жоғарыда атап көрсетілген ғылыми журналдардың бірінде жарияланған, біліктілікті арттыру курсының тақырыбы бойынша дайындаған жазбаша жұмыстарының электрондық нұсқасы zertteushi.kz Интернет-ресурсына орналастырылады;

- Таңдаулы жазбаша жұмыстарын дайындаған тыңдаушыларға «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Мадақтамалары тапсырылады;

- Тыңдаушыларға білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының тақырыбына сәйкес тиісті әдістемелік оқу құралдары беріледі.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің Сертификаты берілген күннен бастап 5 (бес) жыл бойы жарамды.

Аттестаттаудан өтетін педагог қызметкерлер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарының» 28-ші және 30-шы тармақтары бойынша педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына өзінің тиісті құжаттарымен бірге «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі Сертификатының көшірмесін міндетті түрде, сонымен бірге жоғарыда аталған ғылыми журналдарда жариялаған жұмыстары мен Мадақтамалардың көшірмелерін қоса ұсынуы қажет.

Курстарға тапсырыс берушілер мен «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі арасында біліктілікті арттыру бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасалады.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын қаржыландыру заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттар бойынша тыңдаушыны оқыту, тағылымдаманы ұйымдастыру үшін алынатын қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі №370 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 18 қазанда №8829 тіркелген) «Ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларының» 8-ші тармағына сәйкес «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстары ақылы негiзде жүзеге асырылады.

Ақылы негiздегі оқу құнын «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің өзі дербес анықтайды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарынан өткісі келетін тыңдаушылар арнайы төлем ақысын төлейді.

Педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарынан өту үшін төленетін төлем ақысының мөлшері: бір тыңдаушы үшін – 15500 (он бес мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі,

БСН 081240014093, «Казкоммерцбанк» АҚ,

есепшот номері KZ47 9261 5011 5395 6000,

БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 861, «Білім беру қызметі».

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

E-mail: info@zertteushi.kz

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77775191373, +77071105027);

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Сіздерге ғылыми-әдістемелік көмек беруге әрқашан да дайын!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ