МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Аса құрметті мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және балалар бақшаларының тәрбиешілері! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» атты құжаттың Сіздердің қызығы мен қиындығы мол ұстаздық қызметтеріңізде, тіпті жеке өмірлеріңізде алатын орны ерекше екені құпия емес. Сол себепті аттестаттауға алдын-ала мұқият дайындалу қажеттігін естеріңізге саламыз.

Аталған қағидалар мен шарттар Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын айқындайды.

Келесі оқу жылында аттестаттаудан (кезекті және мерзімінен бұрын) өтуге ағымдағы жылғы 25 мамырға дейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, арнайы, қосымша, арнайы, түзету, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің педагог қызметкерлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына өтініш береді.

Аттестатталатын педагог қызметкерлердің тізімдік құрамы білім беру органының алқалық шешімімен жыл сайын 10 маусымға дейін бекітіледі және аудандық (қалалық) білім бөлімдеріне, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларына, білім беру саласындағы уәкілетті органға (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін) ұсынылады.

Өтініш берген біліктілік санатына сәйкестігіне аттестатталатын педагог қызметкерлердің қызмет қорытындысына талдауды сараптама топтары жүргізеді:

екінші біліктілік санатына – білім беру ұйымының деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік бірлестіктердің, пәндік-циклдік комиссиялардың, кафедралардың өкілдері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының тәжірибелі педагог қызметкерлері, өндірістік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері кіреді;

бірінші біліктілік санатына – аудан (қала) деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері, ауданның (қаланың) тәжірибелі педагог қызметкерлері, біліктілікті арттыру жүйелері, өндірістік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың, ата-аналар қауымдастығының өкілдері кіреді;

облыстық маңызы бар білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің бірінші біліктілік санатына және жоғары біліктілік санатына облыс деңгейінде ұйымдастырылатын сараптама топтары, оның құрамына: әдістемелік кабинеттердің, біліктілікті арттыру жүйесінің, өндірістік құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, облыстың тәжірибелі педагог қызметкерлері кіреді.

Білім беру саласындағы уәкілетті органның сараптама тобының құрамына (республикалық ведомстволық ұйымдар үшін): әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері, біліктілікті арттыру жүйесінің өкілдері, тәжірибелі педагогтер кіреді.

Педагог қызметкердің қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтауды жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында сараптама топтары жүргізеді.

Педагог қызметкердің өтініш берген біліктілік санатына қызметінің сәйкестігін белгілеу үшін сараптама тобының қарауына мынадай құжаттар ұсынылады:

1) аттестаттауға өтініш;

2) барлық аттестатталатын педагог қызметкерлердің міндетті ұсынуға қажетті құжаттар көшірмелері:

жеке басты куәландыратын құжат;

білімі туралы диплом;

қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаты;

бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік;

біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы құжаттар.

3) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда):

педагогикалық тәжірибені жинақтау материалдары: эссе, шығармашылық есеп, кәсіптік қызметіне өзіндік талдау жасау;

педагогтің ғылыми-әдістемелік қызметі туралы куәландыратын құжаттар: ғылыми-практикалық конференцияларға, шығармашылық конкурстарға, семинарларға, дөңгелек үстелдерге, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқуларға қатысу; мерзімді басылымдардағы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы ғылыми-әдістемелік материалдар жарияланымдарының көшірмелері;

педагог қызметкердің кәсіптік құзыретін тәуелсіз бағалау қорытындылары: пікірлер, оқушылар мен тәрбиеленушілерден, ата-аналардан, әріптестер мен әкімшіліктен алынған сауалнамалар нәтижелері; практика базалары, жұмыс берушілер тарапынан пікірлер, ЖОО-ға түсу немесе еңбекке орналасу туралы ақпарат;

педагогикалық қызметтің нәтижелері: педагог қызметкердің, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу, шығармашылық, спорттық, пәндік олимпиадаларға, конкурстарға, байқауларға, жарыстарға, ойындарға қатысуын растайтын құжаттар; педагог қызметкердің наградалық материалдары;

соңғы үш жылдағы қызметкердің кәсіптік қызметі нәтижелілігінің динамикасы (мерзімінен бұрын аттестаттауда – 1-2 жыл).

Аттестатталатын педагог қызметкердің қызмет қорытындысына талдау сараптама тобының отырысында хаттамамен тіркеледі. Білім беру ұйымының әрбір педагог қызметкері бойынша сараптама тобы қорытынды (аттестаттау үшін ұсыну/ұсынбау) жасайды, ол білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына жыл сайын 31 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

Барлық деңгейдегі аттестаттау комиссияларының қарауына мына құжаттардың көшірмелері ұсынылады:

1) аттестаттауға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;

3) білімі туралы диплом көшірмесі;

4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;

5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;

6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);

7) сараптама тобының қорытындысы.

Білім беру ұйымының әр педагог қызметкері бойынша аттестаттау комиссиясы мына шешімдердің бірін шығарады:

1) біліктілік санаты талаптарына сәйкес;

2) біліктілік санаты талаптарына сәйкес емес.

Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы бұйрықты барлық деңгейдегі басшылар 1 шілдеден кешіктірмей шығарады және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзеу), қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне біліктілік санатының берілуіне/расталуына сәйкес еңбекақы төлеу деңгейі жаңа оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап белгіленеді.

Біліктілік санатын беру (растау) үшін педагог қызметкерді аттестаттау туралы куәліктерді беру белгіленген нысан бойынша 31 тамыздан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагог қызметкерлерді аттестаттау жұмысқа шыққаннан кейін соңғы үш жылдың талдау қорытындысы бойынша:

1) бала күтімі бойынша демалыстан шыққан;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде қызметтік іссапарда, оқуда (тағылымдамада) болған;

3) Қазақстан Республикасының ішінде жұмыс орнын ауыстырған;

4) Білімін, еңбек өтілі мен біліктілік санатын растайтын құжаттары бар болған жағдайда алыс және жақын шет елдерден Қазақстан Республикасына келген;

5) Білім беру саласының уәкілетті органынан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан келген педагог қызметкерлерге жүргізіледі.

Міне, осыған байланысты Сіздің жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар атанып, аттестаттаудан сүрінбей өтіп, жоғары біліктілік санатқа қол жеткізуіңізге, сол арқылы еңбек жалақыңыздың мөлшері көбейіп, өзіңіздің және отбасыңыздың әл-ауқаты артуына көмектесу ниетімен біз «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығын құрдық.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы – ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беру, оқыту-кеңес беру және редакциялық-баспа саласындағы коммерциялық емес ұйым.

Орталық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңды тұлға ретінде 2008 жылдың 23 желтоқсанында мемлекеттік тіркеуден, 2010 жылдың 12 қарашасында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №28373-1958-М-е, БСН 081240014093).

Біздің орталықтың құрылтайшылығымен Халықаралық:

- «Зерттеуші – Исследователь – The Researcher» (Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher);

- «Ғылыми зерттеулер әлемі – Мир научных исследований – World of scientific research» (Ġylymi zertteuler a̋lemì – Mir naučnyh issledovanij – World of scientific research);

- «Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования – Science and education century» (Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century);

- «Елорда ғылыми хабаршысы – Научный вестник столицы – Scientific messenger of the capital» (Elorda ġylymi habaršysy – Naučnyj vestnik stolicy – Scientific messenger of the capital);

- «Жас ғалымдар жаршысы – Вестник молодых ученых – Messenger of young scientist» (Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist) ғылыми журналдары жарық көріп келеді.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 7 тамыздағы №323 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарты» бойынша Сіздің аттестаттаудан сәтті өтуіңіз және жоғары біліктілік санаттарына қол жеткізуіңіз үшін мынадай қызмет түрлерін ұсынады:

- Сіздер және оқушыларыңыз жазған ғылыми, ғылыми-әдістемелік материалдарыңыз бен мақалаларыңызды, ғылыми жоба және шығармашылық жұмыстарыңызды, шығармаларыңызды ғылыми журналдарымызда жариялаймыз;

- Сіздің және оқушыларыңыздың өз пәндеріңіз бойынша Республикалық және облыстық ғылыми жарыстарға, олимпиадаларға, конкурстарға белсене қатысып, жүлдегер атануы үшін ғылыми-әдістемелік көмек береміз;

- Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, шығармашылық конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқулар өткіземіз.

Біздің Республикалық конкурстарымыз:

- Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарының педагог қызметкерлеріне арналған Республикалық «Үздік педагог – зерттеуші» ғылыми-әдістемелік жұмыстар конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы барлық пәндер бойынша Республикалық «Үздік жас зерттеуші» ғылыми жұмыстар конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы барлық пәндер бойынша Республикалық «Үздік жас қаламгер» шығармалар конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы Республикалық «Журналист болғым келеді» шығармалар конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «География» пәні бойынша Республикалық «География – менің таңдауым» ғылыми конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «Қазақ тілі» пәні бойынша Республикалық «Қазақ тілі – Мәңгілік тіл» ғылыми конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша Республикалық «Мәңгілік Ел тарихы» ғылыми конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «Қазақ әдебиеті» және «Литература» пәндері бойынша Республикалық «Әдебиет әлемі – оқушы көзімен» ғылыми конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша Республикалық «Саясаттану – құрметті мамандық» ғылыми конкурсы;

- Колледждердің студенттері және мектептердің оқушылары арасындағы Республикалық «Өнерлі өрге жүзер» жазбаша жұмыстар (шығармалар) конкурсы.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығының ғылыми журналдарында жариялау үшін ғылыми, ғылыми-әдістемелік материалдар мен мақалалар, ғылыми жоба және шығармашылық жұмыстары, шығармалар ағымдағы оқу жылының ішінде үздіксіз қабылданады, мақаланы кезекті нөмірге ұсыну үшін әр айдың 15-іне дейін тапсырып үлгерулеріңіз керек.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» жөніндегі 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес ғылыми жұмыстар конкурсына қатысу және жұмысын журналдарда жариялау үшін үміткерлер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.

Бір жұмыс үшін жарна мөлшері: 10500 (он мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы, БИН 081240014093, «Казкоммерцбанк» АҚ, есепшот номері KZ47 9261 5011 5395 6000, БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 861, «Білім беру қызметі».

Сіздерге қажетті және пайдалы ақпараттар Интернеттегі сайтымыздың «Аттестаттау» және «Конкурстар» бөлімдерінде жарияланған.

Біздің Интернет-ресурсымыз: zertteushi.kz

E-mail: info@zertteushi.kz

Хат-хабар үшін:

Астана қаласы, 010000, Алматы ауданы,

Кенен Әзірбаев (бұрынғы 23-31) көшесі, 6 үй, 91 пәтер,

(№74 мектеп-гимназиясының қасында),

Жақып Мырзантай Қожабайұлы (+77013971713, +77071105027),

Байболат Ләззат Байқоңырқызы (+77021059753).

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Сіздерге ғылыми-әдістемелік көмек беруге әрқашан да дайын!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ