МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы
Он төрт жасқа толған балаларға, оқушыларға
және педагог қызметкерлерге арналған
«maqtaaral-bilim.kz» ғылыми желілік басылымы
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының 15-бабының (Педагогтің міндеттері) 1-тармағының 3)-тармақшасы бойынша педагог өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндетті.

Осыған байланысты «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі еліміздің педагогтерін «Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту» атты Республикалық сырттай ғылыми-әдістемелік конференциясына белсене қатысуға шақырады.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі білім және ғылым саласындағы коммерциялық емес ұйым ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Үкіметтік емес ұйымдар дерекқорына енгізілген.

Сырттай Конференцияға:

- мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;

- орта (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) білім беру ұйымдарында;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында;

- мамандандырылған, арнаулы білім беру ұйымдарында;

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында;

- балаларға қосымша білім беру ұйымдарында;

- сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтер қатыса алады.

Сонымен бірге Сырттай Конференцияға мектептер мен колледждердің кітапханашылары да қатысуына болады.

Сырттай Конференцияның мақсат-міндеттері:

- «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының 7-бабының (Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары) 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтердің ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге құқықтарын жүзеге асыруына, сонымен бірге жоғарыда аталған Заңның 15-бабының (Педагогтің міндеттері) 1-тармағының 3)-тармақшасы бойынша педагогтердің өзінің кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыруға (растауға) міндеттерін орындауына көмектесу;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 19 желтоқсандағы № 539 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 желтоқсанда № 19750 болып тіркелді) жаңа редакцияда жазылған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын» жүзеге асыру;

- Білім мен ғылымды интеграциялау, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагогтердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жүзеге асыруға көмектесу;

- Талантты педагогтерді анықтау, оларды қолдау және мадақтау, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру үдерісіне жаңа педагогикалық идеялар мен технологияларды енгізу және тарату;

- Қазақстан педагогтерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын ғылыми желілік басылымдарда жиі жариялап тұруына қол ұшын беру.

Сырттай Конференцияға ұсынылатын жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар:

- Жұмыс педагогтің өзі жазған, бұған дейін ешқандай газет-журналда жарияланбаған жұмысы болуы керек;

- Педагог өз жұмысында сабақ беретін пәні бойынша жұмыс тәжірибесі мен терең дүниетанымын дәлелді түрде жазуы тиіс.

Конкурсқа ұсынылатын ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік жұмыстардың компьютерде терілген электрондық нұсқасы мына талаптарға сай дайындалып, тапсырылады:

- Көлемі 5-7 беттен аспайтын жұмыс мәтіні А4 пiшiнiндегi ақ парақ бетiне бiр интервалмен, WORD (doc) форматында, 14 өлшемдегі Times New Roman қарпiмен қатесiз терiлуi;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөйлемнен тұратын қысқаша аңдатпа-түйін жазылуы;

- Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3-5 сөзден тұратын кілт сөздер жазылуы;

- Жұмыстың сол жағынан – 15 мм, жоғары, төменгi, оң жақтарынан – 10 мм орын қалдырылуы;

- Жұмыстың жоғарғы жағында тақырып, автордың толық аты-жөні мен оқытатын пәні, колледждің, мектептің немесе балалар бақшасының орналасқан ауданы мен қаласы, облысы, толық мекен-жайы, «Қазпошта» индексі көрсетiлуі;

- Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме ғылыми жұмыстың мәтіні ішінде төрт бұрышты жақша [1] арқылы жасалуы;

- Ғылыми жұмыстың соңында пайдаланылған дерек көздері мен әдебиеттердің тізімі берілуі қажет (5-еуден артық емес).

Сырттай Конференцияға ұсынылған барлық ғылыми жұмыстар сараптаудан және редакциялаудан өткізіліп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17170-СИ куәлігі берілген «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында жарияланады.

Сырттай Конференцияға қатысып, жұмыстары ғылыми желілік басылымда жарияланған педагогтерге арнайы Сертификаттар беріледі.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің «Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту» атты Республикалық сырттай ғылыми-әдістемелік конференциясына қатысқаны туралы Сертификат және «zertteushi.kz» ғылыми желілік басылымында жарияланған жұмыс педагог қызметінің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау кезінде олардың оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік, сондай-ақ кәсіби жетістіктеріне жатады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының «Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы» атты 63-бабына, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 10, 32, 33, 35-баптарына сәйкес Сырттай Конференцияға қатысу және жұмысын ғылыми желілік журналдарда жариялау үшін педагогтер арнайы жарна төлейді.

Жарнаның мөлшерін Сырттай Конференцияны ұйымдастырушылар белгілейді.

Жарна мөлшері: 5500 (бес мың бес жүз) теңге.

Біздің есепшотымыз:

«Зерттеушi» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесі, БСН 081240014093, ағымдағы есепшот KZ29 6017 1110 0002 3131, БИК HSBKKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 890, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ, «Сырттай Конференцияға қатысу үшін жарна».

Немесе Сырттай Конференцияға қатысу үшін жарнаны мына төмендегі есепшотқа да аударуға болады:

Kaspi Gold карточкасы, нөмірі 5169 4931 7290 4362, ЖСН 650515303049, Жақып Мырзантай Қожабайұлы.

Сырттай Конференцияға ұсынылатын жұмыстардың электрондық нұсқасы және мақаланың соңғы бетіне сканерден өткізу немесе ұялы телефонмен фотоға түсіру арқылы тіркелген төлемақы түбіртегінің көшірмесі Интернеттегі мына электрондық пошта арқылы қабылданады:

E-mail: info@zertteushi.kz

Осы талаптарға сай келмейтін, бұрын жарияланған, басқа ақпарат көздерінен көшіріп алынған, мәтіні компьютерде терілмеген, қолжазбасы «Қазпошта» арқылы хатпен жіберілген, жарнасы төленбеген, т.б. жұмыстар қарастырылмайды және журналда жарияланбайды.

Ғылыми жұмыс жарық көрген соң Сертификаттар педагогтерге «Қазпошта» арқылы салып жіберіледі.

Сырттай Конференцияға ұсынылатын жұмыстар 2020 жылғы 27 наурызға дейін қабылданады.

Хабарласу үшін: +7 707 355 64 48.

Ескерту:

Құрметті Сырттай Конференцияға қатысушы педагогтер!

Сіздерден:

1. Бұған дейін жарық көріп қойған жұмыстарды ұсынбауларыңызды; Интернетте, газет-журналдарда, сондай-ақ, басқа да дерек көздерінде бұрыннан бар жобаларды көшіріп алмауларыңызды; шын мәнінде өздеріңіз жазған, әлі баспасөз беттерінде жарияланбаған жұмыстарыңызды жолдауларыңызды;

2. Жұмыс авторларының фотосуреттерін, сонымен бірге жұмыс тақырыбы бойынша басқа да суреттер ұсынатын болсаңыздар – барынша сапалы түсірілген және түрлі-түсті суреттер жіберулеріңізді сұраймыз!

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ