МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Ресми түрде еңбек демалысында болсақ та, жаз бойы талапкерлер мен ата-аналардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Бұл істі еріккеннен немесе бастықтардың көздеріне түсу мақсатымен емес, қарапайым қара халықтың мүддесі үшін атқардық.

Амандық болса, мектептер мен колледждерді бітіруші түлектер арасындағы кәсіптік бағдар беру жұмысымен алдағы уақытта да шұғылдана береміз. Біз болмасақ та, әйтеуір басқа біреу осы жұмысты атқаруға тиіс. Еліміздің болашағы үшін, жастардың келешегі үшін осылай жасауымыз керек.

Жаз бойы Үкіметке де, Білім және ғылым министрлігіне де, білім саласына жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдарға да тыныштық бермедік. Ондағы ойымыз – талапкерлер мен ата-аналар білім саласына, мамандық таңдауға қажетті барлық ақпараттармен жедел түрде, толық хабардар болып отыруы керек.

Әрине, біздің бұл іс-әрекетімізді дұрыс түсінгендер де бар. Керісінше, білім беру саласындағы ресми мемлекеттік уәкілетті органдар мен өзіміз қызмет істейтін жоғары оқу орнында жайлы креслоларға жайғасқан кейбір жауапты тұлғалардың арасында бізді атарға оқ таппай жүргендер де аз емес.

Алайда, біздің жедел түрде жариялап тұрған ақпараттарымыздың пайдасын көріп, білім грантына қол жеткізген жастар мен олардың ата-аналарының айтып жатқан алғыстары бәрінен де қымбат! Біз үшін ең үлкен баға – осы!

Иә, бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда 2017-2018 оқу жылына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне бөлінген жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы анағұрлым арта түсті.

Басқа салаларды айтпағанда, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне:

- «6М050400 – Журналистика» мамандығының магистратурасына – 20 орын;

- «6М051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының магистратурасына – 10 орын;

- «6D050400 – Журналистика» мамандығының PhD докторантурасына – 8 орын бөлінді.

Өзіміз көріп-білгелі бері Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің жоғарыда аталған мамандықтарына білім гранты ретінде осындай көп орын бөлінген емес!

Сонымен бірге 2017-2018 оқу жылына арналған мамандықтар бөлінісінде жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысында еліміз бойынша «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша қазақ тілінде оқытуға – 30, орыс тілінде оқытуға – 10, барлығы 40 білім гранты бөлінді.

Бұл көрсеткіш өткен 2016-2017 оқу жылымен салыстырғанда екі есе көп.

Кейбіреулерге ұнамаса да, ашық айтқым келеді – біз бұл жетістікке өзіміздің жаз бойы Білім және ғылым министрлігіне, сонымен бірге экономика салаларындағы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру үшін ұсыныстар енгізу міндеті заңнама бойынша жүктелген «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына тыныштық бермей, қайта-қайта хаттар жолдап, осы мәселені оң шешуге атсалысу арқылы өзіміздің сүбелі үлесімізді қостық!

Егер біз тиісті мемлекеттік уәкілетті органдар мен басқа да ұйымдарға өз ұсыныстарымызды айтып, мәселені қабырғасынан қоймасақ, «Журналистика» және «Қоғамдық байланыс» мамандықтарының магистратурасы мен PhD докторантурасына берілген биылғы білім гранттарының саны осылай көбейер ме еді, жоқ па, ол жағы бір Аллаға аян!

Өткен жылдармен салыстырғанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының бакалавриаты бойынша оқуға түскен талапкерлердің саны да анағұрлым көп.

Бұрынғы жылдары біздің университетіміздің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының бакалавриатына ары кетсе, 10-15 бала оқуға түсетін, ал биылғы жылы осы мамандықтың 1 курсына оқуға қабылданған студенттеріміздің саны 21-ге жетіп отыр.

Енді біз осы жақсы көрсеткіштерге масаттанып, мақтанып кетпей, жастарға сапалы білім беруге міндеттіміз.

Ол үшін ең алдымен жоғары білім саласындағы жемқорлықты жоюымыз керек! Базбір факультет декандарының бакалавриаттағы «шығармашылық емтихан», магистратура мен PhD докторантурасындағы «мамандық бойынша емтихан» деген сынақ түрлерін шын мәнінде лайықты жастарды «құлатып», өзінің бала-шағасын, туған-туыстары мен тамыр-таныстарын оқуға түсіретін «әдіс-тәсілдеріне» тосқауыл қойылуы қажет! Университет басшылары өзінің ой-пікірлерін ашық айтып-жазатын профессор-оқытушыларды дұшпан, жау санамай, дұрыс нәтиже шығарғандары жөн.

Ұлттық университетімізге үлкен құштарлықпен келген өскелең ұрпақтың жастық от-жалынын сөндіріп алмауға тиіспіз!

Суреттерде: 2017-2018 оқу жылында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының бакалавриаты бойынша оқуға түскен 1 курс студенттерімен бірге.

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің директоры, Астана қаласы.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ