МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы
Он төрт жасқа толған балаларға, оқушыларға
және педагог қызметкерлерге арналған
«maqtaaral-bilim.kz» ғылыми желілік басылымы
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

 Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2019 жылғы «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты тақырыптағы Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранты бойынша Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес ұйымның басшысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD) Мырзантай Қожабайұлы Жақыптың бастамасымен Түркістан облысындағы іссапарымыздың барысында 2019 жылғы 21 – 25 қазан аралығында еліміздің қиыр оңтүстігінде орналасқан Мырзашөл өңірінде, яғни Түркістан облысының халық өте тығыз қоныстанған Мақтаарал және Жетісай аудандарында мектеп оқушылары, жастар, педагогтер, ата-аналар және жұртшылық арасында білім және ғылым саласында қатысты нормативтік құқықтық актілер, Заңдардың жобалары және Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Балалар және білім беру, бос уақыт және мәдени іс-шаралар» атты әлеуметтік жобасының мақсаты:

- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі дайындаған «Қазақстан Республикасының балалардың мүддесін көздейтін 2030 жылға дейінгі мемлекеттік тұжырымдамасының» жобасына сәйкес Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету; балалардың физикалық, интеллектуалды, рухани, адамгершылык дамуға ықпал ететін жағдайларды жасаудың жолдарын ұсыну арқылы балалардың өмір сапасын жақсарту.

Әлеуметтік жобаның міндеттері:

- Балалардың құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіруге үлес қосу;

- Балалық шақты қорғаудың институционалды негізгі жүйелерін нығайту;

- Балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету;

- Барлық санаттағы балалардың сапалы білім, медицина және әлеуметтік қызметтер алуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету және өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың құқықтарын қорғау үшін кешенді және жеке жүйелер қалыптастыру, балалардың ақпараттық сауаттылығын қалыптастыру;

- Білім беру ұйымдарына бармайтын балаларға, оның ішінде босқындар мен мигранттарға мониторинг жасау; Білім алуға балалардың құқықтарының бұзылу себептерін талдау және анықтау; Заңнамаға ұсыныстар енгізу; Балаларды құқықтық ақпараттандыру; Бала құқықтары бойынша мектеп бағдарламаларының жобасын әзірлеу; Балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу; Жобаға қатысуға көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 70%-ын тарту.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында:

- 2019 жылғы 21 қазан күні Түркістан облысындағы Мақтаарал аудандық Білім бөлімінің басшысы Мұратбек Тұлапұлы Серікбаев мырзамен жүздесіп, Мырзашөл өңірінде білім саласының сапасын арттыру мәселелерін жан-жақты талқыладық;

- 2019 жылғы 21 қазан күні Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде орналасқан Мақтаарал аудандық Білім бөлімінің «Сабыр Рахымов атындағы № 4 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған «Адам бойындағы құндылықтар» атты мектеп психологтарының аудандық конференциясына қатысып, жастар арасындағы өзекті мәселелер туралы ой-пікірлерімізді ортаға салдық;

- 2019 жылғы 21 қазан күні Түркістан облысына қарасты Жетісай аудандық Білім бөлімінің «Я. Есенбеков атындағы № 59 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жоғары сынып оқушыларымен және олардың педагог-ұстаздарымен кездестік;

- 2019 жылғы 22 қазан күні Түркістан облысындағы Жетісай аудандық Білім бөлімінің «Аманкелді атындағы №19 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізілген «Менің таңдауым – менің болашағым» атты аудандық семинарына қатыстық;

- 2019 жылғы 22 қазан күні Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі «Ақ алтын» мәдениет үйінде Мырзакент өңіріндегі орта мектептердің жоғары сынып оқушыларымен және олардың ұстаздарымен кездестік;

- 2019 жылғы 23 қазан күні Түркістан облысының Асықата кентіндегі Жетісай ауданы Білім бөлімінің «Н. Төреқұлов атындағы № 13 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар беру жұмысын жүру мақсатында арнайы жиын өткіздік;

- 2019 жылғы 24 қазан күні Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Атакент кентінде осы Атакент өңірінде орналасқан орта мектептердің 11 сынып оқушыларымен және олардың ұстаздарымен кездесіп, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргіздік.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында:

- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының жобасы; «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жайында;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 6-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына, 3-тармағының 8) тапмақшасына, 4-тармағының 3) тармақшасына өзгерістер енгізілетіні, тиісінше, білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, оның ішінде, Облыстың жергілікті атқарушы органының, Республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құзыреттерінен «білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады» деген құзырет алып тасталатыны;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 1-бабының 56) тармақшасына сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу үшін іріктеу емтихандарының бір түрі екені, ҰБТ жоғары оқу орнына түсу үшін негіз болып табылатындықтан және ҰБТ-ға қатысу ерікті болғандықтан бұдан былай ҰБТ естиханын талапкер ата-анасымен келісе отырып өз бетінше тапсыратыны;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының, оның ішінде, балалардың құқықтарын қорғау; балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі – әлеуметтік жетімдік деңгейін төмендету; балалардың жасына, денсаулығы мен қажеттілігіне қарай демалу және бос уақытын өткізу құқығының сақталуы; сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру; өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеттерінің жүзеге асырылу нәтижесі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 359 қаулысымен жаңа редакцияда жазылған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының, оның ішінде, Еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау; Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту; «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау; «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру міндеттерінің жүзеге асырылу барысы;

- Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлаудың ерекшеліктері;

- Жұмыс күші артық 6 өңірдің: Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарының және Шымкент қаласының 9, 11-сыныптарының түлектері жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасына қатысушылар болып табылатыны;

- Жоба шеңберінде кадрларды даярлау 9 өңірдің: Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес жоғары білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылатыны; Жоғары білім беру жобасына қатысушылар оқу ақысын төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етілетіні;

- Жоба шеңберінде кадрларды даярлау жұмыс күші тапшы 6 өңірдің: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарының оқу орындарында белгілі бір оқу кезеңіне арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтарының бекітілген тізбесі бойынша күндізгі оқу нысанында жүзеге асырылатыны;

- «Электрондық үкіметтің» веб-порталында жария талқылау үшін орналастырылған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы, оның ішінде, Бағдарламаның мақсаты – халықты қоғамда сұранысқа ие дағдылары бар жеке тұлғаны дамытуға бағытталған сапалы және әділ біліммен қамтамасыз ету, сондай-ақ нәтижелілікті арттыру үшін тұтас ғылыми экожүйені қалыптастыру екені; аталған мақсаттарға жету мынадай –сапалы білім, нәтижелі ғылым және тиімді басқару секілді үш бағыттағы қозғалысты білдіретіні; Бағдарлама алты жылға есептелгені және барлық мүдделі тараптардың білім мен ғылымның неғұрлым басым міндеттерін орындауға ресурстары мен күш-жігерін жұмылдыруға арналғаны; 2 мақсат шеңберінде 8 міндет және 20 бастама қалыптасқаны; Бағдарламаны іске асыру педагогтардың, ғалымдардың, білім алушылардың, білім беру және ғылыми ұйымдардың қызметінде сапалы қайта құруды, мемлекет пен қоғам арасында тиімді коммуникация құруды, сондай-ақ ескірген инфрақұрылымдық проблемаларды шешуді болжайтыны және басқа да мәселелер бойынша жан-жақты мәлімет бердік.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында мына мәселелерге назар аудардық:

2017 жылдан бастап ҰБТ екі кезеңге бөлінді. Жаңа формат орта білім туралы куәлікті алу үшін мектепте – емтихан, ал жоғары оқу орындарына түсу үшін – ҰБТ тапсыруды көздейді.

Енді ҰБТ тапсыру уақытында оқушылар аттестатқа ие және білім беру ұйымдарында есепте тұрмайды. Мектеп өзімен заңды қарым-қатынасы аяқталған түлек үшін жауапты емес.

Үміткерлер ҰБТ-ны өз бетінше тапсыруы керек және олар үшін жауапкершілік ата-аналарға жүктеледі.

Жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау үшін емтихан тапсыру үшін үміткерлерді қамтамасыз ету бойынша міндеттерді мұғалімдерге жүктеу заңды емес. Себебі «Білім туралы» Заңның 51-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, педагог жұмыскерлерді өздерінің кәсіптік міндеттерін орындаумен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берілмейді.

Сондай-ақ «Электрондық үкіметтің» веб-порталында жария талқылау үшін орналастырылған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында былай деп атап көрсетілгеніне жұртшылықтың ерекше назарын аудардық:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «Еl Umiti» таланттар мен көшбасшыларды анықтау және қолдау жөніндегі бастамасы іске асырылатын болады.

Бастама аясында мынадай жобалар дамиды. Дарындарды анықтау және қолдау үшін елдің 17 өңірінде, оның ішінде жұмыс істеп тұрған «Дарын» орталықтары базасында дарындылық түрлері бойынша таланттарды анықтау және қолдау орталықтары жұмыс істейтін болады.

Дарынды ауыл балаларын қолдау үшін «Мың бала» ұлттық зияткерлік турнирі», оларды олимпиададан кейінгі сүйемелдеу «Онлайн оқыту» және «Өңірлер бойынша күндізгі ауысымдар» жобалары іске асырылады.

Таланттарды, көшбасшылар мен олардың мұғалімдерін сүйемелдеудің тұтас жүйесі, сондай-ақ ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтаудан бастап жұмысқа орналасқанға дейінгі барлық кезеңдерде қадағалау тетіктері құрылатын болады.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру жалғасады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының санын жыл сайын арттыру көзделіп отыр.

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін»)  жобасы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғасатын болады. «Серпін» жобасының түлектері оқу өңірінде жұмыспен және мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

Балалардың құқықтарын қорғау саласын қаржыландыру және балалардың құқықтарын қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мәселелері бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында «Әлеуметтік шығындарға жергілікті бюджет және республикалық бюджет көлеміндегі балалар бюджетін» есептеу әдістемесі әзірленетін болады.

Балаларға қатысты және олардың арасында зорлық-зомбылықты жасырмау үшін жыл сайын кәмелетке толмағандарға қатысты және олардың арасында зорлық-зомбылық деңгейін айқындау жөнінде тиісті әлеуметтік зерттеулер жүргізілетін болады.

Мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған ден қою, сондай-ақ оқушылар арасындағы зорлық-зомбылық туралы хабардарлықты арттыру үшін өмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын алу жөніндегі бағдарламалар іске асырылатын болады.

Азаматтық қоғамның назарын аудару, мемлекет пен қоғамның балалардың құқықтарын қорғау саласының өзекті мәселелеріне шоғырландыру мақсатында, сондай-ақ балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін тұрақты негізде әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар іске асырылатын болады.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға құқықтық және консультациялық көмек көрсету бойынша асырап алушы ата-аналар мектептерін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қазақстандық азаматтардың отбасыларына орналастыру мәселелері бойынша коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл күшейтілетін болады.

Республикалық кәсіптік бағдар және мансап орталығы құрылатын болады. Барлық өңірлерде талапкерлерге болашақ мамандықты таңдауда көмек көрсету үшін «Мамандықтар навигаторы» мобильдік қосымшасы қолжетімді болады. Барлық мемлекеттік колледждерде жұмысқа орналастыру және Мансап орталықтарын құру бітірушілердің жеке кәсіби даму траекториясын құруға ықпал етеді.

Біз еліміздің қиыр оңтүстігінде орналасқан Мырзашөл өңірінде, яғни Түркістан облысының халық өте тығыз қоныстанған Мақтаарал және Жетісай аудандарында білім және ғылым саласында қатысты нормативтік құқықтық актілер, Заңдардың жобалары және Мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған осынау іс-шараларды өткізуге көмек көрсетіп, ықпал еткен Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық Білім бөлімінің басшысы Мақтаарал аудандық Білім бөлімінің басшысы Мұратбек Тұлапұлы Серікбаевқа, Мақтаарал аудандық Білім бөлімінің әдіскерлері Жұмагүл Әбілдақызы Байтілеуоваға және Сәуле Лайыққызы Сүлейменоваға алғысымызды білдіреміз.

 

«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің қоғаммен байланыс қызметі.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ