МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

MAQTAARAL-BILIM.KZ САЙТЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ ЖЕЛІЛІК БАСЫЛЫМЫ БОЛЫП ЕСЕПКЕ ҚОЙЫЛЫП, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ КОМИТЕТІНІҢ 2018 ЖЫЛҒЫ 15 МАУСЫМДАҒЫ № 17171-СИ КУӘЛІГІ БЕРІЛДІ

Осыдан үш жылдан астам уақыт бұрын, 2015 жылдың 02 сәуірінде Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы http://maqtaaral-bilim.kz/ Интернет-ресурсын ашқан болатын.

Өткен аптаның жұмасы күні http://maqtaaral-bilim.kz/  сайты балаларға арналған ғылыми желілік басылымы болып есепке қойылып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 17171-СИ куәлігі берілді.

Желілік басылым дегеніміз – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс.

«maqtaaral-bilim.kz/» балаларға арналған ғылыми желілік басылымы – «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы қолға алған «Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы мектептері мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік жұмысы арқылы оқушылардың ақпараттық және медиа сауаттылығын, зерттеу дағдылары мен шығармашылық қабілетін дамыту» деп аталатын жобаның бір тармағы.

«maqtaaral-bilim.kz/» балаларға арналған ғылыми желілік басылымының мақсаты мен міндеті:

- Ауыл мектептерінде ғылыми-ізденіс жұмысын дамыту және мұғалімдердің аттестаттаудан өтуіне көмектесу;

- Білім беру ұйымдарында ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру арқылы педагогтардың біліктілігін арттыру;

- Педагогтар мен оқушылардың ғылыми, ғылыми-әдістемелік материалдары мен мақалаларын, ғылыми жоба және шығармашылық жұмыстарын, шығармаларын ғылыми журналдарымызда және Интернет-ресурстарымызда жариялау;

- Педагогтар мен және оқушылардың ғылыми жарыстарға, олимпиадаларға, конкурстарға белсене қатысып, жүлдегер атануы үшін ғылыми-әдістемелік көмек беру;

- Ғылыми-практикалық конференциялар, шығармашылық конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, әртүрлі деңгейдегі педагогикалық оқулар өткізу.

«maqtaaral-bilim.kz/» балаларға арналған ғылыми желілік басылымымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар:

http://maqtaaral-bilim.kz/

http://maqtaaral-bilim.kz/zhas-renderge-arnal-an-zha-a-zhoba

 

Кез келген материалды пайдалануға http://maqtaaral-bilim.kz/ балаларға арналған ғылыми желілік басылымына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ