МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы
Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

 

Бүгін, 2019 жылғы 18 маусым күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық барысы туралы баяндады.

Төменде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің осы баяндамасын жариялап отырмыз:

«Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

Құрметті әріптестер!

Ұлттық бірыңғай тестілеу он алты жыл бойы өткізіліп келеді. Оған осы уақытқа дейін 1 млн. 800 мыңға жуық адам қатысты.

Жалпы, ҰБТ форматы өзгерген жоқ, яғни тапсыратын пәндер, сұрақтар, ұпай саны, уақыты бұрынғы форматта.

Биыл ҰБТ 20-сыншы маусым мен 30-ыншы маусым аралығында барлығы 169 тапсыру пунктінде өтеді.

ҰБТ-ға қатысу үшін 117 242 адам өтініш берді, соның ішінде:

- 96 мыңнан астамы осы жылғы мектеп түлектері немесе жалпы мектеп бітірушілердің – 72 пайызы;

- 20 мыңнан астамы биылғы және өткен жылдары колледж бен шетелдік білім беру ұйымдарының бітірушілері.

Анықтама:

2019 жылы 117 242 өтініш, оның ішінде 88 277 немесе 75,3%-ы – қазақ тілінде, 28784 немесе 24,6%-ы – орыс тілінде, 181 немесе 0,1%-ы – ағылшын тілінде қабылданды.

2018 жылы 102 447 өтініш, оның ішінде 77 224 немесе 75%, 25 177 немесе 25% – орыс тілінде, 46 – ағылшын тілінде қабылданды.

2018 жылы 45 677 өтініш, оның ішінде 30 039 немесе 65,8%-ы – қазақ тілінде, 15 630 немесе 34,2%-ы – орыс тілінде, 8-і – ағылшын тілінде қабылданды.

Енді ҰБТ-ны ұйымдастыру барысы бойынша айтар болсақ.

Тестілеу өткізуді қамтамасыз ету және бақылау үшін өңірлерге Министрліктің өкілдері жіберілді.

Қазіргі уақытта тестілеу материалдары құпия режимде өңірлерге толығымен жеткізілді.

ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу үшін құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұратын мемлекеттік комиссиялар құрылды.

Республикалық деңгейде және әрбір ҰБТ өткізу пунктінде апелляциялық комиссия жұмыс істейтін болады.

Барлық аудиториялар 100 пайыз (1188) ұялы телефон сигналдарын өшіретін құралдармен және бақылау бейнекамералармен жабдықталды.

Сондай-ақ жедел ақпарат алмасу үшін Министрліктің және Ұлттық тестілеу орталығының call-орталықтары тұрақты түрде жұмыс істейді.

Сонымен қатар, осы жылы талапкерлерге көмек ретінде бірқатар жеңілдіктер енгізілгенін атап өткім келеді.

Біріншіден, биылдан бастап ақылы оқуға түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі. Бұл – оқушыларға психологиялық қысымды төмендетуге және маусым айында өтетін ҰБТ-ға дайындалуға үлкен мүмкіндік беріп отыр.

Мысалы, бұрын бітірушілер тестілеуді тек маусым айынан бастап ғана тапсырса, биыл түлектер қаңтар айында, наурыз айында ҰБТ-ны тапсырды. Сондықтан, осы тестілеуге оқушыларымыз жақсы психологиялық дайындықпен келіп отыр деп айта аламыз.

Қаңтардағы тестілеуге 35 мыңға жуық, ал наурызда 80 мыңдай оқушы қатысты. Осы екі ҰБТ-да жалпы мектеп бітірушілердің 78%-ы қамтылды. Олардың 70 пайызы қазірдің өзінде ақылы негізде оқуға түсе алады.

Енді осы оқушылардың грантқа түсем дегендері маусым айында тестілеуге қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндіктері бар.

Екіншіден, колледж түлектеріне де женілдіктер жасалды. Олар бітірген мамандығы бойынша жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға түсем десе, ҰБТ-дан босатылып, тек емтихан тапсырады.

Үшіншіден, «Айлтс» халықаралық сертификаттары бар түлектер «Шет тілі» пәні бойынша тестілеуден босатылады. Оларға пән бойынша максималды балл (40 балл) автоматты түрде беріледі. ҰБТ-ға қатысушылардың арасында мұндай балалар саны – 708.

Төртіншіден, әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ берілетін болады. Онда мамандықтар тізімі, оған сәйкес бөлінген грант саны, сондай-ақ өткен жылғы грант конкурсының нәтижелері, яғни өту балы көрсетіледі.

Бұл талапкерлерге болашақ мамандығын дұрыс және алған балл деңгейіне сәйкес таңдауға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

Бесіншіден, ағымдағы жылы гранттар білім бағдарламаларының топтары бойынша беріледі. Грантқа құжат тапсырғанда, талапкер білім бағдарламаларының тобы бойынша өтініш береді, ал грант жеңіп алғаннан кейін оқу орнын және сол топтың ішіндегі нақты бағдарламаны тандайды.

Мысалы, «Ақпараттық технологиялар» тобының ішінде «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Биг дейта» және т.б. нақты білім беру бағдарламасын таңдай алады. Бұл – өте ыңғайлы.

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

ҰБТ-ның жоғары деңгейде өтуі үшін жергілікті әкімдіктердегі әріптестеріміздің келесі мәселелерге назар аударуын сұраймын:

Бірінші, ҰБТ өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, ҰБТ өткізу пункттерін медициналық персоналмен қамтамасыз ету;

Екінші, ҰБТ нәтижелері бойынша облыстардың, қалалардың, мектептердің рейтингісін жасамау;

Үшінші, бітірушілер мен олардың ата-аналарына қолайлы жағдай жасау және балаларды тасымалдауды ұйымдастыру (ауыз су, кондиционерлер, дәрігерлік-психологиялық көмек, қауіпсіздік, оның ішінде өрт қауіпсіздігі).

Жалпы, ҰБТ өткізуге даярлық жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.

Биылғы жылғы тестілеу өткізуге дайынбыз.

Назарларыңызға рахмет!»

(Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсынан алынды).

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ