МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Еліміздің дарынды жастарын Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырамыз!

Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасы мектептер мен колледждердің 2018 жылғы түлектерін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырады!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылына «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына қазақ тілінде оқуға – 35, орыс тілінде оқуға – 12, барлығы 47 мемлекеттік білім грантын бөліп отыр.

«Қоғамдық байланыс» қандай мамандық?

«Қоғамдық байланыс» – Еуразия жүрегі – Астана қаласы мен Қазақ елін саяси, экономикалық, әлеуметтік салалардағы әртүрлі отандық және халықаралық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыру арқылы әлемге танытатын, Қазақстан Республикасының дүниежүзілік имиджін қалыптастыратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – Елбасымыздың, Парламентіміздің, Үкіметіміздің, министрліктердің, облыс және аудан әкімдіктерінің атқарып жатқан жұмыстарын жұртшылыққа дер кезінде хабарлап тұратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – қоғамда орын алып жатқан өткір мәселелерге жедел түрде Елбасымыздың, Парламентіміздің, Үкіметіміздің, министрліктердің, облыс және аудан әкімдіктерінің назарын аударып, халықтың мұң-мұқтажын ресми билік орындарына жеткізіп отыратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – еліміздің орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарында, ведомстволарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда) мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпарат таратуды жүзеге асыратын, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаларды және уәкілетті бөлімшелердің қызметкерлерін оқытатын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – Интернет, әлеуметтік желілер, бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары арқылы халық пен ресми билік орындарын, мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік емес ұйымдарды, банктер мен бизнес өкілдерін, кәсіпкерлік құрылымдарды бір-бірімен байланыстыратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – ақпараттық-талдау және зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы заңдар мен ресми құжаттарды халыққа түсіндіріп, экономиканың әртүрлі салалары бойынша бағыт-бағдар беріп отыратын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – белгілі бір қызмет және тауар түрлерінің, идеялардың немесе жалпы ұйымдардың жағымды бейнесін жасап, қалыптастыруға және олардың абыройын жақсартуға бағытталған, мекеме, ұйым, кәсіпорынның сыртқы әлеммен өзара қатынасу үлгісін ұсынатын мамандық.

«Қоғамдық байланыс» – әлемнің өркениетті, озық елдерінде бұрыннан қалыптасқан, ал біздің елімізде нарықтық экономика жағдайында 90-шы жылдардың басында дами бастаған, әлеуметтік ғылымдардың бір саласы және ізденімпаз жастарға сапалы білім беретін мамандық.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша бітірген түлектеріміз:

- Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, ведомстволарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік күзет қызметін қоспағанда);

- Мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мәселелер бойынша ақпарат таратуды жүзеге асыратын, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті бөлімшелерде;

- Еліміздегі және шетелдердегі мемлекеттік және жеке меншік құрылымдарда;

- Баспасөз қызметтерінде, Баспасөз басқармалары мен Баспасөз бөлімдерінде, PR қызметтерінде, PR басқармалары мен PR бөлімдерінде және PR агенттіктерінде;

- Еліміздегі және шетелдердегі саяси, маркетингтік, зерттеу және консалтинг құрылымдарында;

- Ақпараттық-коммуникациялық құрылымдар мен Жарнама агенттіктерінде;

- Бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет-ресурстарда (Интернет-сайттарда), телеарналарда, радиоарналарда, әлеуметтік желілердегі маркетинг жүйесінде;

- Өнер және шоу-бизнес салаларында қызмет атқарады.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетіне қарасты «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының құрамына кіреді.

2009 жылдың 26 ақпанында құрылған Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасына бүгінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент Аязби Ақбергенұлы Бейсенқұлов басшылық жасайды.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге ғылым докторлары мен профессорлар, ғылым кандидаттары (PhD) мен доценттер (of Associate Professor), «Қоғамдық байланыс» (PR) саласының білікті мамандары мен аға оқытушылар сабақ береді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына оқуға түскісі келетін талапкерлер мына пәндерден Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және Кешенді тестілеу (КТ) сынақтарын тапсырады:

- Міндетті пәндер (үшеу): Математикалық сауаттылық, Оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы;

- Бейіндік пәндер (екеу): бейінді пәндер жұптарының кез-келгенін таңдауға болады.

ҰБТ сынақтарын тапсыру мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы.

КТ сынақтарын тапсыру мерзімі – 14-18 шілде аралығы.

ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері, сондай-ақ республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.

КТ өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.

ҰБТ немесе КТ тізбесін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітетін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында немесе базалық жоғары оқу орындарында өткізіледі.

ҰБТ шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі.

КТ шығармашылық мамандықтарға түсетін талапкерлер үшін түсушінің таңдаған жоғары оқу орны – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы – талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандық.

Сол себепті ҰБТ-ны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының еліміздің кез-келген қаласында орналасқан бөлімдерінде тапсыруға болады.

Алайда екі шығармашылық емтиханды міндетті түрде Астана қаласына келіп, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қабылдау комиссиясына құжат тапсыра отырып, біздің жоғары оқу орнымызда тапсыру қажет.

Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.

«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына түсуші талапкерлер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қабылдау комиссиясы өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады.

Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына оқуға түскісі келетін талапкерлер міндетті пәндерге қоса мынадай екі шығармашылық емтихан тапсырады:

- Бірінші шығармашылық емтихан – Еркін тақырыпқа жазбаша эссе;

- Екінші шығармашылық емтихан – Ауызша презентация.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына оқуға түскісі келетін талапкерлерден:

- Екі шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қабылдау комиссиясында 20 маусым мен 7 шілде аралығында қабылданады;

- «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша екі шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткізіледі.

«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына түсетін талапкерлер Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қабылдау комиссиясына жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3x4 көлеміндегі екі фотосуретін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ҰБТ немесе КТ сертификатын (бар болса) тапсырады.

«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.

Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша ақылы оқуға ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған) бітірушілері қабылданады.

«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша конкурсқа қатысу үшін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне түсуге тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша – кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл жинау қажет.

«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығына қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.

«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 18-26 шілде аралығында қабылданады.

Білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 12 тамыздан кешіктірмей береді.

Студенттерді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қабылдауды қабылдау комиссиялары 10-25 тамыз аралығында өткізеді.

«5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қабылданады.

Біз еліміздің дарынды жастарын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығы бойынша оқуға шақырамыз!

 

Құрметпен,

Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП,

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті (of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» мекемесінің директоры.

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ