МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Астана қаласындағы «Кәсіптік бағдар» жұмыспен қамту жеке агенттігі» мекемесінің Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «ASAR» үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасында жарияланған «Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу» атты әлеуметтік жобасымен танысыңыздар!

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасына қатысу байқауын жариялаған еді.

Платформа мақсаты:

Бизнес пен Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ-ды) қоғамның әлеуметтік мәселесін шешу мен анықтауға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесін ілгерілетуге бірлесе қатыстыру арқылы өзара әрекеттестігін нығайту.

Платформа қатысушылары – Қазақстанның кәсіпкерлері мен ҮЕҰ.

Бұл жобалар www.asarprojects.kz онлайн-платформасында ұсынылып, Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында таратылатын болады.

Кәсіпкерлер ұсынылған жобаларды www.asarprojects.kzонлайн-платформасынан көре алады.

ҮЕҰ ұсынған жобаларға кәсіпкерлер қызығушылық танытқан жағдайда, олар бизнеспен инвестициялануы мүмкін.

«Asar» байқауына «Кәсіптік бағдар» жұмыспен қамту жеке агенттігі» мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу» атты әлеуметтік жоба ұсынып отыр.

Жоба жастарға, студенттер мен оқушыларға әлеуметтік кәсіптік бағдар беруге – олардың жеке қызығушылықтарына, қабілеттеріне, бейімділігіне және нарық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіп таңдау процесін оңтайландыруға арналған.

Әлеуметтік жобаның мақсаты:

• Әлеуметтік кәсіптік бағдар беру саласы бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу;

• Жаңа теориялық тұжырымдамалар мен білім беру бағдарламаларын жасау;

• Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту;

• Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымын ЮНЕСКО 2013 білім беру сыныптауышының Халықаралық стандартына және Қазақстан Республикасының Ұлттық қызметтер қызметтер жіктеуішіне (ҚР ҰЖ 01-2017) сәйкес келтіру тұрғысында білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

• Студенттер мен оқушылардың жеке қызығушылықтарына, қабілеттеріне, бейімділігіне және нарық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіп таңдау процесін оңтайландыру;

• Әлеуметтік кәсіптік бағдар беру саласы бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу;

• Жаңа білім беру бағдарламаларын жасау.

Қажетті қаражат: 10 миллион теңге.

Жоба жүзеге асырылатын аймақ:

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданы.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 12 ай.

«Asar» байқауына ұсынылған «Кәсіптік бағдар» жұмыспен қамту жеке агенттігі» мекемесінің «Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жұмыстарын жүргізу» атты әлеуметтік жобасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар:

http://asarprojects.kz/astana-k-alasy-gorod-astana

 

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ