МЫРЗАШӨЛ ӨҢІРІНІҢ БІЛІМ ӘЛЕМІ

Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен
оқушыларына арналған Интернет-ресурс
  • 2.png
  • 3.png
  • temp.png

Құрметті достар!
Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданының мұғалімдері мен оқушыларына арналған «Мырзашөл өңірінің білім әлемі» атты арнайы maqtaaral-bilim.kz
Интернет-ресурсын ашып отыр.

Толығырақ...

"ЗЕРТТЕУШІ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ

Астана қаласындағы «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «ASAR» үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасында жарияланған «Ауылды қалаға айналдырайық!» атты әлеуметтік жобасымен танысыңыздар!

Құрметті достар!

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ үш жақты ынтымақтастық форумы аясындағы әлеуметтік жобалар платформасына қатысу байқауын жариялаған еді.

Платформа мақсаты:

Бизнес пен Үкіметтік емес ұйымдарды (ҮЕҰ-ды) қоғамның әлеуметтік мәселесін шешу мен анықтауға, бизнестің әлеуметтік жауапкершілік тәжірибесін ілгерілетуге бірлесе қатыстыру арқылы өзара әрекеттестігін нығайту.

Платформа қатысушылары – Қазақстанның кәсіпкерлері мен ҮЕҰ.

Бұл жобалар www.asarprojects.kz онлайн-платформасында ұсынылып, Қазақстан кәсіпкерлерінің арасында таратылатын болады.

Кәсіпкерлер ұсынылған жобаларды www.asarprojects.kz онлайн-платформасынан көре алады.

ҮЕҰ ұсынған жобаларға кәсіпкерлер қызығушылық танытқан жағдайда, олар бизнеспен инвестициялануы мүмкін.

«Asar» байқауына «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесі «Ауылды қалаға айналдырайық!» атты әлеуметтік жоба ұсынып отыр.

Әлеуметтік жобаның мақсаты:

• Өңірге шетелдік және отандық инвесторлардың назарын аудару;

• Өңірге инвестиция құйылуына жол ашу;

• Өңірге шетелдік және отандық туристерді шақыру;

• Өңірге құйылатын қаржылай кіріс пен жергілікті бюджетке түсетін салық мөлшерін көбейту;

• Өңірдің ел ішіндегі ықпалын арттыру және шетелдерге таныту.

Қажетті қаражат: 10 миллион теңге.

Жоба жүзеге асырылатын аймақ:

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданы.

Жобаның жүзеге асырылу мерзімі:

Ұзақ мерзімге арналған.

«Asar» байқауына ұсынылған «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы» жеке меншік мекемесінің «Ауылды қалаға айналдырайық!» атты әлеуметтік жобасымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар:

http://asarprojects.kz/astana-k-alasy-gorod-astana

Кез келген материалды пайдалануға zertteushi.kz Интернет-ресурсына сілтеме жасалғанда ғана рұқсат етіледі.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ
РЕСМИ САЙТЫ

Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

"ДАРЫН" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

"МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА"
БАҒДАРЛАМАСЫ